Научная библиотека ТарГПИ
  • Научная библиотекa ТарГПИ
  • Научная библиотекa ТарГПИ
  • Научная библиотекa ТарГПИ
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР, СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ! «КІТАП ОҚУ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА !КІТАП ОҚУ АКЦИЯСЫНЫҢ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІ «ӘЛЕМДІ КІТАППЕН ТАНЫ» ДЕГЕН ТАҚЫРЫППЕН ЖАЛҒАСАДЫ. МАҚСАТЫ – ЖАСТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ ДЕҢ¬ГЕЙІН КӨТЕРУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ ІСПЕТТІ ОҚУҒА ЖАСТАРДЫ ТАРТУ, МӘДЕНИЕТТІҢ МАҢЫЗДЫ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕГІ ОҚУҒА ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ, КІТАП ОҚУҒА ШАҚЫРУ, ЫНТАСЫН АРТТЫРУ, КІТАП ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІН НАСИХАТТАУ, ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЖӘНЕ РУХАНИ МҰРАМЫЗДЫ САҚТАУ. АКЦИЯ АЯСЫНДА КЕЛЕСІ ОҚЫЛАТЫН 50 КІТАПТЫҢ ТІЗІМІ ҰСЫНЫЛЫП ОТЫР. ТІЗІМДЕ ӘЛЕМДІК ҮЗДІК ОҚЫЛАТЫН 10 ШЕТЕЛ КЛАССИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫ, 10 ӘЙГІЛІ ОРЫС ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫ, 10 АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ ЖӘНЕ АЛАШОРДА ТАРИХЫ ТУРАЛЫ КІТАПТАР, 10 ӨЛКЕТАНУҒА АРНАЛҒАН ЖӘНЕ Т.Б. ҚАЗАҚТЫҢ ТАНЫМАЛ КЛАССИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫ БАР .ТОЛЫҚ ТІЗІМДІ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ПОРТАЛЫНАН КӨРЕ АЛАСЫЗДАР // УВАЖАЕМЫЕ ПРЕПОДАВАТЕЛИ , СТУДЕНТЫ И СОТРУДНИКИ ИНСТИТУТА! ПРОДОЛЖАЕТСЯ АКЦИЯ «ЧТЕНИЕ КНИГ»! «ПОЗНАЙ МИР С КНИГОЙ» ПОД ТАКИМ НАЗВАНИЕМ ПРОДОЛЖАЕТСЯ СЛЕДУЮЩИЙ ТУР ЧТЕНИЯ КНИГ. ЦЕЛЬ - ПРОПАГАНДА КАЗАХСКОЙ И МИРОВОЙ ЛИТЕРАТУРЫ, СОХРАНЕНИЕ ИСТОРИКО-КУЛЬТУРНОГО И ДУХОВНОГО НАСЛЕДИЯ, ВОСПИТАНИЕ ПОДРАСТАЮЩЕГО ПОКОЛЕНИЯ В ДУХЕ ПАТРИОТИЗМА И НРАВСТВЕННОСТИ. КРОМЕ ТОГО, ПРИВЛЕЧЬ СТУДЕНТОВ К ЧТЕНИЮ, ФОРМИРОВАТЬ КУЛЬТУРУ ЧТЕНИЯ, РАЗВИВАТЬ ТВОРЧЕСКИЙ И ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЙ ПОТЕНЦИАЛ МОЛОДЕЖИ И Т.Д. В РАМКАХ АКЦИИ ПРЕДЛОЖЕН СПИСОК 50-ТИ КНИГ. В СПИСКЕ 10 КНИГ МИРОВОЙ ЛИТЕРАТУРЫ, 10 ИЗВЕСТНЫХ РУССКИХ КЛАССИЧЕСКИХ ПРОИЗВЕДЕНИЙ, 10 КНИГ ПО ИСТОРИИ И ДЕЯТЕЛЯХ АЛАШОРДЫ, 10 КНИГ ПО КРАЕВЕДЕНИЮ И КАЗАХСКИЕ КЛАССИЧЕСКИЕ ПРОИЗВЕДЕНИЯ. ПОЛНЫЙ СПИСОК ПРЕДЛАГАЕМЫХ 50-ТИ КНИГ РАЗМЕЩЕН НА ПОРТАЛЕ НАУЧНОЙ БИБЛИОТЕКИ

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ЗАҢҒАР ТҰЛҒАСЫ – МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВ - 80 ЖАСТА!

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, түркітанушы ғалым, жазушы, I дәрежелі «Барыс» орденінің иегері  М.Жолдасбековпен кездесу өтті.


М.Жолдасбековпен бірге жерлесі Қазақстан мемлекетінің еңбек сіңірген қайраткері, композитор И.Жақанов пен Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Б. Бодаубаев келді.

Филология ғылымдарының докторы, академик, профессор Мырзатай Жолдасбеков – 30-ға жуық ғылыми еңбектің авторы. Ол қазақ әдебиетінің дамуына орасан үлес қосты. Әсіресе Жамбыл шығармашылығын зерттеуге зор еңбек сіңірді. Ғалымды ел-жұрты түрік қағанаты кезіндегі Орхон-Енисей ескерткіштерін, руна жазбаларын алғаш зерделеген түркітанушы ретінде жақсы біледі. Сонымен қатар қоғам қайраткері халыққа ақын, сазгер ретінде де танымал.

Кездесуге Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Манжуов, Тараз қаласы әкімінің орынбасары К.Олжабай, Жамбыл облыстық филормониясының директоры  С.Түктібаев, Жамбыл облысы маслихат депутаты, Қазақстан-Тараз телекомпаниясының Президенті М. Төлепберген, Жамбыл облысы маслихат депутаты Б.Кулекеев, ТарМПИ ректоры  т.ғ.д., академик, профессор Д.П. Қожамжарова  және оқу орын ұжымы мен студенттері қатысты.

Ғылыми  кітапхананың ұйымдастыруымен: Н.Назарбаев жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қаблеттілік», Елбасы  мақаласы «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» , «М.Жолдасбеков: мемлекет қайраткері, дипломат, ғалым», «Мәңгілік ел әдебиеті-ғасырлар тоғысында», «Әлемдік таңғажайып туындыларға саяхат», «Тарихи таныммен ұрпақ өседі», «Жарты ғасыр тарихы бар білім ордасы»  атты кітап көрмелерінің шеруі ұйымдастырылып, «ТарМПИ-ға 50 жыл», «Readx» фотоэкспозициялары көпшілік назарына ұсынылды.

 

 

 

 


 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support

 

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕР!

Өнер және Мәдениет факультетіне қарасты«Мәдени – тынығу жұмысы және хореография», «Дизайн», «Кәсіптік оқыту» мамандықтарымен өтетін кітапхана күніне қатысуға шақырамыз. Іс- шара 12.10.2017ж сағ.11.20-да 8 оқу ғимараты,3 этаж ,308 ауд.өтеді.


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterСегодня354
mod_vvisit_counterВчера625
mod_vvisit_counterНа этой неделе2810
mod_vvisit_counterНа прошлой неделе7982
mod_vvisit_counterВ этом месяце21883
mod_vvisit_counterВ прошлом месяце32306
mod_vvisit_counterВсего660370

Сейчас на сайте: 15
Ваш адрес 54.225.20.73
,
Дата: 2017-10-19