Научная библиотека ТарГПИ
  • Научная библиотекa ТарГПИ
  • Научная библиотекa ТарГПИ
  • Научная библиотекa ТарГПИ
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР, СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ! «КІТАП ОҚУ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА !КІТАП ОҚУ АКЦИЯСЫНЫҢ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІ «ӘЛЕМДІ КІТАППЕН ТАНЫ» ДЕГЕН ТАҚЫРЫППЕН ЖАЛҒАСАДЫ. МАҚСАТЫ – ЖАСТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ ДЕҢ¬ГЕЙІН КӨТЕРУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ ІСПЕТТІ ОҚУҒА ЖАСТАРДЫ ТАРТУ, МӘДЕНИЕТТІҢ МАҢЫЗДЫ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕГІ ОҚУҒА ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ, КІТАП ОҚУҒА ШАҚЫРУ, ЫНТАСЫН АРТТЫРУ, КІТАП ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІН НАСИХАТТАУ, ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЖӘНЕ РУХАНИ МҰРАМЫЗДЫ САҚТАУ. АКЦИЯ АЯСЫНДА КЕЛЕСІ ОҚЫЛАТЫН 50 КІТАПТЫҢ ТІЗІМІ ҰСЫНЫЛЫП ОТЫР. ТІЗІМДЕ ӘЛЕМДІК ҮЗДІК ОҚЫЛАТЫН 10 ШЕТЕЛ КЛАССИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫ, 10 ӘЙГІЛІ ОРЫС ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫ, 10 АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ ЖӘНЕ АЛАШОРДА ТАРИХЫ ТУРАЛЫ КІТАПТАР, 10 ӨЛКЕТАНУҒА АРНАЛҒАН ЖӘНЕ Т.Б. ҚАЗАҚТЫҢ ТАНЫМАЛ КЛАССИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫ БАР .ТОЛЫҚ ТІЗІМДІ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ПОРТАЛЫНАН КӨРЕ АЛАСЫЗДАР // УВАЖАЕМЫЕ ПРЕПОДАВАТЕЛИ , СТУДЕНТЫ И СОТРУДНИКИ ИНСТИТУТА! ПРОДОЛЖАЕТСЯ АКЦИЯ «ЧТЕНИЕ КНИГ»! «ПОЗНАЙ МИР С КНИГОЙ» ПОД ТАКИМ НАЗВАНИЕМ ПРОДОЛЖАЕТСЯ СЛЕДУЮЩИЙ ТУР ЧТЕНИЯ КНИГ. ЦЕЛЬ - ПРОПАГАНДА КАЗАХСКОЙ И МИРОВОЙ ЛИТЕРАТУРЫ, СОХРАНЕНИЕ ИСТОРИКО-КУЛЬТУРНОГО И ДУХОВНОГО НАСЛЕДИЯ, ВОСПИТАНИЕ ПОДРАСТАЮЩЕГО ПОКОЛЕНИЯ В ДУХЕ ПАТРИОТИЗМА И НРАВСТВЕННОСТИ. КРОМЕ ТОГО, ПРИВЛЕЧЬ СТУДЕНТОВ К ЧТЕНИЮ, ФОРМИРОВАТЬ КУЛЬТУРУ ЧТЕНИЯ, РАЗВИВАТЬ ТВОРЧЕСКИЙ И ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЙ ПОТЕНЦИАЛ МОЛОДЕЖИ И Т.Д. В РАМКАХ АКЦИИ ПРЕДЛОЖЕН СПИСОК 50-ТИ КНИГ. В СПИСКЕ 10 КНИГ МИРОВОЙ ЛИТЕРАТУРЫ, 10 ИЗВЕСТНЫХ РУССКИХ КЛАССИЧЕСКИХ ПРОИЗВЕДЕНИЙ, 10 КНИГ ПО ИСТОРИИ И ДЕЯТЕЛЯХ АЛАШОРДЫ, 10 КНИГ ПО КРАЕВЕДЕНИЮ И КАЗАХСКИЕ КЛАССИЧЕСКИЕ ПРОИЗВЕДЕНИЯ. ПОЛНЫЙ СПИСОК ПРЕДЛАГАЕМЫХ 50-ТИ КНИГ РАЗМЕЩЕН НА ПОРТАЛЕ НАУЧНОЙ БИБЛИОТЕКИ

ОТАНДЫҚ ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНАЛАР САЙТЫ МЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫ www.prezidentlibrary.kz

Тұңғыш Президент кітапханасы қазіргі Мемлекет басшысының орталығы болып тұрғанымен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қорында Н.Ә. Назарбаевтың жеке мұрағатындағы 20 мыңнан астам басылым мен 700 жәдігер жинақталған: олардың арасында мемлекет басшылары мен олардың ресми өкілдерінің сыйлықтары, Президенттің өз қаражаты есебінен алынған өнер туындылары және тарихи мәні зор құндылықтар бар. Кітапхана қоры жаңа кітаптармен, құнды жәдігерлермен, бірегей мұрағаттық материалдармен үнемі толықтырылып тұрады.

 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҚ ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНА www.kazneb.kz

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат  министрлігінің «Мемлекеттік электронды кітапханалық қорды құру» жобасы «2007-2009 жылдарға арналған ақпараттық теңсіздікті төмендету» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қорда: Тарих (1449), саясат (504), экономика (866), философия, социология, психология (542), дін (138), мемлекет және құқық (447), әскери іс (58), педагогика (678), медицина,химия (1083), дене тәрбиесі (44) т.б.

 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАЛЫҚ ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНА www.rmeb.kz

Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана қорын (РМЭБ) тегін пайдалануға мүмкіндік жасалған. РЖООАЭК қорына кіру мүмкіншілігін ұйымдастыру мақсатында, қаржылық келісім-шарт жасалынған. 1 кварталға – 70 000тг. Қорда: жаңалықтар, ресурстар, видео лекциялар, журналдар, конференциялар бар.

 

 

 

 

IKITAP-ҚАЗАҚСТАННЫҢ АШЫҚ КІТАПХАНАСЫ www.ikitap.kz

«Қазақстанның ашық кітапханасы» - ұлттық әдебиетіміз мен отандық ғылымның, өнеріміз бен сан-саладағы шығармашылық өкілдеріміздің жәдігерлерін заңды негізде бір жерге жинақтап, насихаттауды мақсат ететін онлайн жоба.Бүгінгі күні «Қазақстанның ашық кітапханасы» қорында түрлі бағыттағы 500-ден аса автордың 4000-ға жуық кітабы жинақталған.

 

 

ӘДЕБИЕТ ПОРТАЛЫ www.adebiportal.kz

«Әдебиет порталы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен «Қазконтент» Акционерлік қоғамы тарапынан әзірленген. Оқырмандарға төрт тілде: қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде қызмет көрсетеді. Интернет желісіндегі өз бағыты айқын бұл бірегей жоба – қазақ елінің әдеби мұрасына қызығушылық танытқан кез келген көзі ашық, көкірегі ояу оқырманның басын біріктіретін, сол әдеби мұраны заңды түрде бір жерге жинақтайтын әдеби платформа.

 

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ www.e-history.kz

Өткен тарихқа қызығушылық әрқашан болады. "National Digital History" порталы өткен тарих пен жаңа заманғы технологияларды ұштастыра отырып, сіздерге тарихи құнды деректерді жеткізеді. Бұл порталдан сіздер ұлт тарихына қатысты өзекті де маңызды ақпараттарға қол жеткізе аласыздар. Заман талабына сай сіздерге веб-порталдың iOS және Android нұсқаларын ұсынамыз. Кітапхана қорында: Монографиялар, жинақтар мен ұжымдық басылымдыр, диссертациялар, зерттеулер, ғылыми мақалалар мен жарияланымдар, рефераттар, тарих жайлы басылымдар, археология, этнография жайлы басылымдар, фотоальманах, мультимедиа, е-ресурстар.

 

МӘДЕНИ МҰРА Ұлттық жоба     www.madenimura.kz

Бағдарламаны жүзеге асыру жылдарында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды. Олардың арасында: «Бабалар сөзі», құрамына Еуропа, Америка, Австралия, Африка, Азия мемлекеттерінің әдеби шығармашылығы кіретін «Әлемдік әдебиет кітапханасы», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі философиялық мұрасы», «Әлемдік мәдениеттанушылық ойлар», «Экономикалық классика», «Әлемдік философиялық мұра» сериялары кездеседі.

 

БІРЫҢҒАЙ ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНА   www.elibrary.kz

Бірыңғай электронды кітапхана – бірыңғай интерфейс арқылы, электронды құжаттарды кешенді ақпараттық  жинақтау жүйесі.

 

 

 

 


 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterСегодня84
mod_vvisit_counterВчера1561
mod_vvisit_counterНа этой неделе1645
mod_vvisit_counterНа прошлой неделе11751
mod_vvisit_counterВ этом месяце28330
mod_vvisit_counterВ прошлом месяце38909
mod_vvisit_counterВсего742331

Сейчас на сайте: 24
Ваш адрес 54.92.201.232
,
Дата: 2017-12-19